Елімізде 45 кәсіпорыннның жұмысшысы жалақыларын ала алмай жүр

81
08.04.2025 12:40

 Елімізде 45 кәсіпорыннның жұмыскері жалақыларын ала алмай жүр. Мемлекеттік еңбек инспекторлары мың үш жүзден астам қызметкерге 395,9 млн теңгеге жалақы берешігі бар екенін белгілі болды. Тексеру барысында еңбек құқығы бұзылуының 1,6 фактісі анықталды. Аталған кәсіпорын басшыларына 98,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 2025 жылдың 1 сәуірдегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1300-ден астам тексеру жүргізіпті. Нәтижесінде, 1616 бұзушылық анықталды. Қазіргі таңда қабылданған шаралар нәтижесінде 10 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.