Түркістан
EN

Қазығұрттықтарды инфрақұрылым жайы толғандырады

15
09.10.2026

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бүгін Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесті. Ашық форматта өткен басқосуда жергілікті халық өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, өңір басшысына сауалдарын жолдады. Жиында мектеп құрылысының құны мен ауылішілік жолдардың жайы сөз болды. Кездесуге біздің тілшіміз де қатысқан болатын.

Қазығұрт ауданындағы кездесуде тұрғындар білім беру саласына қатысты мәселе көтерді. Атап айтқанда, бірдей жобамен салынатын мектептердің құрылысына әртүрлі қаржы бөлінетіні сөз болды. Тұрғынның айтуынша, кейбір аудандарда 350 орындық мектептің құрылысына 800 миллион теңге жұмсалса, басқа елді мекенде дәл осындай ғимаратты тұрғызуға  1 миллиард 800 миллион теңге жұмсалған. Ауылдағы ағайын құрылыс құнындағы айырмашылықтың себебін түсіндіруді өтінді.