Түркістан
EN

15 қазаннан бастап көпқабатты үйлерге жылу беріледі

14
09.10.2026

Түркістан қаласында орталық қазандығына жалғанған көпқабатты үйлер мен мемлекеттік мекемелерге 15 қазан бастап жылу беріле бастайды. Осыған орай қалалық төтенше жағдай қызметінің мамандары аймақ әкімімен бірлесіп,  маусымға дайындықты пысықтады.   Сондай-ақ, жолаушылар тасымалдайтын такси көліктері мен автобустарға өрт қауіпсіздігі және жылыту маусымындағы сақтық шаралары туралы ақпараттық жарнама парақшалар ілінді. Толығырақ келесі сюжетте... 

ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ 

Бізде 18 қазандық бар қалада. Оның барлығы дерлік қазіргі таңда, жұмыс жасап тұр. Алдағы күн суытқан жағдайда осы мына біз жылу маусымын ресми бастаған кезде барлығы іске қосылып, жұмыс жасайды. Сонымен қатар мынау төтенше жағдайлар басқармасының да жылу маусымына дайындығын тексердік. Жалпы төтенше жағдайлар алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарында көрдік. Насихаттақ ақпараттарды жұмытарының қалай жүргізіп жатқанында көріп отырмыз. Қоғамдық көліктер мынау қала таксилерімен бірге жүргізіп жатыр екен.