Екібастұзда «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы жұмыс істеп тұр

40
28.03.2025 14:37

 Екібастұзда президент тапсырмасымен «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы ашылған. Нысан  9 мың жас талантты қабылдауға лайықталған. Орталықта шеберлік сабақтары мен шығармашылық дәріс өткізетін 50-ден астам педагог жұмыс істейді. Нысан 3 қабаттан тұрады. Онда би, театр залдары мен музыка дәрістеріне арналған бөлме, 275 орындық көрермен залы биология зертханасы мен дебат және медиа студиясы бар. Ең жоғарғы қабат толығымен ІТ – технологияларға арналған. Сонымен қатар, психологиялық – педагогикалық қолдау кабинеттері, үстел теннисі аймақтары мен жаттығу залымен қамтылған.