Сауран ауданынының тұрғындары тазалық жұмыстарына өз үлесін қосты

521
29.10.2024 21:03

Түркістан облысы Сауран ауданынының тұрғындары тазалық жұмыстарына өз үлесін қосты. Мәшһүр Жүсіп елдімекеніне 1993 жылы қандастарымыз көшіп келген. Бүгінде мұнда 1270 адам тұрады. Жергілікті тұрғындардың тұрақты табыс көзі болмағандықтан ақылы қоғамдық негізде жұмысқа тартылған. Осы мақсатта, қазіргі таңда 16 тұрғын еңбек етеді. Басым бөлігі әйелдер. Олар аулаларды абаттандырып, қоқыстан тазартты. 4 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан жоба аясында ақы да төленеді.