Астанада қоқыс өртеніп жатыр

77
03.09.2024 12:42

Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар қызыл жалынға оранып, түннен бері өрт сөндірушілерді әуре-сарсаңға салып жатыр. Тынымсыз соққан жел де жағдайды ушықтырып, тілсіз жау 850 шаршы метр аумаққа жайылған. Қазіргі таңда жалын түгелдей өшірілген. Десе де өрттің қайта өршіп, айналасына таралмауы үшін аумаққа су мен топырақ себілуде. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.