ШЫҰ саммиті: Астанадағы атмосфера қалай?

294
04.07.2024 16:19

Күллі әлем көз тіккен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті алғаш рет кеңейтілген форматта өтіп жатыр. Оған халықаралық ұйымдардың төрағалары мен бақылаушы мемлекеттердің көшбасшылары қатысуда. Ал қауіпсіздікті қадағалау үшін 5 қаладан мыңға жуық Ұлттық ұлан сарбазы тартылған. Қалада көлік қозғалысы шектеліп, мәдени және халық көп жиналатын орындарда тексеріс күшейген. Толығырақ шаһардағы қазіргі атмосфера жайлы дәл қазір бізбен тікелей байланысқа шығатын тілшіміз айтып берсін.