Түркістан облысында жүк пойызындағы өрт сөндірілді

189
26.06.2024 17:11

 Түркістан облысындағы «Түлкібас – Арыс» учаскесінде жүк вагондары рельстен шығып, аударылып қалды. Салдарынан жоғары вольтты электр желісіне зақым келіп,  шпалдар мен қураған шөптер өртенген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, 150 шаршы метрге тараған жалынды ауыздықтады. Бірақ ондаған жолаушылар мен жүк пойыздары жолда тоқтап қалды. Жолаушылар пойыздардың қозғалысын сағаттап күтуге мәжбүр болды. Жолдан шыққан вагондарды қалпына келтіру үшін Шымкент станциясынан арнайы пойызы жіберілді. Алдын ала болжам бойынша вагондардың жолдан шығуына жеке компанияға тиесілі вагонның дөңгелек жұбының құралы сынып кетуі себеп болған. Кейідеу «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі кешіккен пойыздардың жолаушыларын тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етіп, әрбір кешіккен сағат үшін жол жүру құнының 3 пайыз мөлшерінде өтемақы төленетінін айтты.