Түркістан
EN

Оқушылар тарихи мекенмен танысты

238
20.06.2024 20:49

Түркістандық оқушылар тарихи жерлерді аралауда. Жас туристер станциясы «Жаз қызығы – көңілді демалыс» атты танымдық экскурсиясын өткізді. Оқушылардың алғашқы аялдамасы - топырағын түртсең тарихы сөйлейтін Отырар жері болды. "Жас туристер" үйірмесінің 20 оқушысы Сапар орталығы мен  Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейімен танысып,  «Арыстанбаб» пен «Өзбекәлі Жәнібеков» кесенесіне зиярат жасады. Бұл шараның мақсаты - жас туристер үйірмесі мүшелерінің жазғы демалысын тиімді өткізу, балаларды жергілікті өңірдің тарихымен терең таныстыру. Экскурсия барысында Отырардың тарихына үңілген оқушылар ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.  

 

️