Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан 2 блогер ұсталды

76
13.06.2024 16:27

Түркістан облысында ұзақ жылдар бойы түрлі ұйым басшыларын бопсалап келген 2 блогер ұсталды. Олар Сайрам ауданындағы аумағында өздерінің жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып келіпті. Түрлі мекемелердің басшыларына қоққан лоққы жасаған. Іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметті тараптас үшін қомақты қаржы сұраған. Қос блогердің қолына департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Сайрам аудандық полиция қызметкерлері ақша алып тұрған сәтінде кісен салды. Күдіктілердің бірі бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.