Түркістан облысында шомылу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

117
28.05.2024 16:40

Өткен жылы Түркістан облысында 21 адам суға кетіп, қаза тапқан. Оның көбі - балалар. Марқұмдардың дені ауылдық жерлердегі канал, арықтардың суына кеткен. Биыл да талай адам суға кетпеу үшін қауіпсіздік шарасын қатаң қадағалау қажет. Бұл құтқарушыларға да, суға шомылуға келген демалушыларға да қатысты. Осыған алаңдаған облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы мәжілісте судағы қауіпсіздік шараларын көтерді. Қазір өңірде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басынан бері 361 рейдтік шара ұйымдастырылып, 262 рет халықпен кездесу өткен.