. Індет күн санап өршіп барады. Күні кеше бір тәуліктің ішінде ковид инфекциясына байланысты 110 үйде жаназа шығарылған. Десек те, шектеулерге қарамастан жиын-той өткізу әлі тоқтамай тұр. Эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты бүгінде елімізде 1860-қа жуық мобильді топ рейд жұмыстарын бастады. Тек шілде айының өзінде олар жетпіс мыңнан астам тексеріс жүргізіп, екі мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Шектеу шараларын ең көп бұзғандар көшін Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Шымкент, Алматы қалалары бастап тұр. Тағы бір айта кетерлігі, бұдан былай Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдар қызметі тоқтайды. Бұл тізімде Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалалары бар. Себебі соңғы тәуліктегі сырқаттану көрсеткішінің 65 пайызы, өлім- жітімнің 55 пайызы осы қалаларға тиесілі. Сондықтан осы шаһардағы Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдар қызметі 2 тамыздан бастап тоқтайды. Ал ұлттық компания, мемлекеттік орган, өзге де ұйым қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істейді. Одан өзге, спорттық, бұқаралық іс-шаралар да өткізілмейді.
️