Алматыда қоғамдық көліктерде тексеру қайта күшейтілді. Санитарлық ережелерді бұзып, маскасыз жүрген жолаушыларға бірден айыппұл салынады. Бүгіннен бастап мониторингтік топ жолаушылардың санитарлық ережелерді сақтауын тексеруге кірісті. Арнайы топ қаланың барлық бағыттағы қоғамдық көліктерді кезекпен тексеруді жоспарлап отыр. Рейд барысында бірнеше маршрутта санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталды. Мегаполис бойынша автобустармен қатынайтын тұрғындардың саны көп. Сондықтан жолаушылар мен жүргізушіде жеке қорғаныс заттарының болуы шарт. Мүлдем маскасыз жүргендерге ескерту жасалып, түсініктеме алынды. Келесі жолы қайталанса 83 мың теңге көлімінде айыппұл салынатыны айтылды.
️