Вирус жұқтырғандар 7000-ға жуықтады

110
27.07.2021 23:28

Қауіпті індет күн санап күшейіп келеді. Елімізде соңғы тәулікте короновирус жұқтырған 7000-ға жуық адам анықталса, соның 86-ы көз жұмған. Тағы 24  адам пневмониядан қайтыс болды. Осылайша, қаза болғандар саны жағынан антирекорд тіркелді. Көш басында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұр. Ал, Түркістан облысында кеше 180 адамнан вирус анықталған. Ал жазылып шыққандар саны 7478-ді құрап отыр. Яғни, әзірге коронавирустың таралуы бойынша өңір сары аймақта. Өңірдегі жұқпалы аурулар ауруханасында 2060 төсек орын бар. Бүгінде соның 752-сі әлі бос. Жалпы, індеттің өршуіне бірден-бір себеп карантин талаптарының сақталмауы дейді мамандар. Жыл басынан бері елімізде карантин талабын бұзған адамдар 1,5 миллиард теңге айыппұл төлеген.  Оларды ұстауға арнайы мобильді мониторингтік топ жұмылдырылған.