Ордабасы ауданы Маңғыстау облысына 4 вагон шөп жөнелтті

265
23.07.2021 03:30

Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғындары Маңғыстау өңіріне 4 вагон шөп жөнелтті. 5 мың бау көлеміндегі 110 тонна мал азығы вагонға Бадам станциясынан артылды. Батыстағы қуаңшылық еріктілерден бөлек халықты да алаңдатып отыр. Оның ішінде Түркістан облысының жұрты да шама келгенше әрекет етіп, көмегін жолдап жатыр. Бұл шараға жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалық иелері мен еріктілер және аудан тұрғындары атсалысқан. Бадамнан жолданған мал азығы Маңғыстау облысының Шетпе, Құрық және Жетібай станцияларына жеткізілмек.