Үндістанда да лай көшкіні салдарынан 20 адам қаза тапты. Апатты жағдай Мумбай қаласында болған. Махул ауданындағы таудан аққан көшкін 17 тұрғынды басып қалды. Сондай-ақ Вихрали ауданында ондаған үй зардап шегіп, 3 кісі опат болды. Оннан аса тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір апат аймағында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.Айта кетсек,Үндістанда маусым және қыркүйек айлары жаңбырлы маусым саналады. Салдарынан елде су тасқыны жиілеп, мыңдаған тұрғын зардап шегеді.
️