Түркістан
EN

Биыл Түркістан облысынан 4 мыңнан астам жас сарбаз әскерге аттанды

321
27.12.2023

Түркістан облысы жастары Республика бойынша әскерге аттанудан алғы шепте тұр. Биылдың өзінде 4 мыңнан аса жас әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Оған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының үлесі зор. Себебі, осыдан 5 жыл бұрын Президент жарлығымен құрылған бұл клуб жастарды әскери өмірге дайындайды. Бүгінде облыс аумағында 18700 сарбаз осы клубқа мүше. Олардың әрқайсысы арнайы нормативтен өткен, әскери қозғалысқа бейім. Барлығы мектеп оқушылары болса да Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында олар жылда үздік атанып келеді. Осылайша өңір «Нағыз патриоттық мекен» деген номинацияны да қанжығасына байлаған.

️