Қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттелмейді: Сенат заңды мақұлдады

154
22.12.2023 10:42

Қазақстандықтар енді құжат алғанда дактилоскопиялық тіркеуден ерікті түрде өте алады. Бүгін Сенат аталмыш заңға қатысты өзгерістерді бекітті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жеке басты куәландыратын құжаттар жасатқанда міндетті түрде дактилоскопиялық тіркеуден өту нормасы болған. Бірақ ол келер жылға дейін тоқтатылған еді. Енді азаматтар өздерінің саусақ іздерін ерікті түрде қалдыра алады. Бірақ бұл норма шетелдіктер үшін теңізшілер мен 16 жасқа толған қазақстандықтар үшін міндетті болып қала бермек.