Ауыл әкімдерін сайлауда 210 үміткер қалды

218
16.07.2021 04:35

Түркістан облысында 210 үміткер сайлауды жалғастырады. Бұған дейін 60 ауылға әкім болғысы келген 285 азамат өтініш берген болатын. Алайда түрлі себептермен 75 адам үміткерлер тізімінен алынып тасталды. Оның ішінде 33 үміткер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет заңының талаптарына сай келмеген. Әкім болғысы келген 23 азаматтың құжаты толық болмаған. 18 үміткер өз еркімен тіркеуден бас тартқан. Ал сегізі сайлау жарнасын құймапты. 15 шілдеден бастап үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Сайлауалды науқан 23 шілдеде тоқтатылады. Сайлау 25 шілде күні өтеді. Ал, үміткерлер үгіт-насихат жұмыстары барысында белгіленген талаптарды қатаң орындауы шарт. Заң талаптары бұзылған жағдайда додадан шығып қалады.