Алматыда «дельта» штаммын жұқтыру дерегі жиіледі. Соңғы тәулікте індеттің бұл түріне шалдыққандардың үлесі 80 пайызға жеткен. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, мегаполисте эпидахуал ушығып барады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, жұқтыру көрсеткішінің 16 пайызы «альфа», үш пайызы COVID-19 нұсқасы. Ал қалған басым бөлігі «дельта» штамына тиесілі. Арнайы талдау нәтижесіне сай үнді штамын 20 мен 40 жас аралығындағы тұрғындар көп жұқтырған. Ал, 40-тан асқандардың әрбір төртіншісі осы індетке шалдыққан. Сонымен қатар Алматыда коронавирусқа қарсы «Hayat-Vax» және «CoronaVac» вакциналарының таусылғаны белгілі болды. Отандық «QazVac» та бітудің алдында. Тұрғындардың «Спутник V» алуына ғана мүмкіндігі бар.
️