«Жаңа туған әр балаға 4 миллион 200 мың теңге беру керек». Осыдан біраз бұрын Мәжіліс қабырғасында елімізде дүниеге келген әр балаға осынша сомада «Ана капиталын» төлеу туралы ұсыныс айтылған еді. Бұл көптеген отбасының тұрмыс деңгейін әжептәуір көтеріп кетер еді деген еді сарапшылар. Алайда Үкімет бұдан бас тартты. Себебі - қазіргі кезде бала туғаны үшін бүлдіршіндердің санына қарай анасына 110-нан 183 мың теңгеге дейін біржолғы төлем төленуі. Қала берді бір жылға дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы тағы бар. Босанғанға дейін жұмыс істейтін аналар да ақша алады. Яғни, жауаптылар аталған көмекті жеткілікті санаса керек.
️