АҚШ президентінің ұлына айып тағылды

108
15.09.2023 11:03

АҚШ Президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байденге қылмыстық айып тағылды. Құқық қорғау органдары президент баласы өзінде заңсыз суық қару, атап айтқанда тапанша сақтады деп күдіктеніп отыр. АҚШ Конгрессіндегі пікір білдірген халық қалаулыларының көпшілігі Әділет Министрлігінің жұмысына оң баға берді. Бұл тергеу тіпті келесі жылғы сайлауда Джо Байденге теріс әсерін тигізуі мүмкін дейді сарапшылар. Бұдан бөлек, Хантер Байден өз әкесінің вице-президент болып тұрғанда қызметін пайдаланып, бизнесте бүкіл әлемдегі компаниялармен заңсыз транзакциялар жүргізді деген күдікке де ілініп отыр.