40 күн аптап ыстық

97
10.07.2021 02:35

Өзбекстанда шілде басталды. Жылдың ең ыстық мерзімі мұнда толық 40 күнге созылады. Бұл аралықта жерге тырс еткен тамшы түспейді дейді мамандар. Синоптиктердің хабарлауынша, айдың алғашқы жартысында Иран елі аумағынан соғатын ыстық желдің салдарынан ауа температурасы күрт көтеріледі. Шілденің 10-на дейін сынап бағанасы 50 градусқа дейін жетеді. Осыған байланысты Өзбекстан билігі тиісті шараларды қабылдауды қолға алды. Нақтырақ айтсақ, ел тұрғындарына себепсіз далаға шықпауға кеңес берді. Тағы азық-түлік сататын орындарда тауарлардың тоңазытқыштарда талапқа сай сақталуын қатаң түрде қадағалауға кірісті. Бұдан бөлек қуаңшылықтан зардап шегіп жатқан диқандарға қолдау көрсету жағы да қолға алынды.