Екі орман өртенді

179
20.05.2021 11:43

Түркістан облысында жыл басынан бері екі орман өртке оранған. 33 гектар аумақты шарпыған жалын 84 мың теңге материалдық шығын келтірген. Мамандардың айтуынша, құзырлы мекемелермен бірлескен 13 шұғыл топ құрылып, 43 рейд ұйымдастырылды. Рейд барысында 187 азамат өрт қауіпсіздік талаптарын бұзғаны анықталды. Соның ішінде 54 азаматқа ескерту берілсе, 132 азаматқа 1 млн. 80 мың теңге айыппұл салынды. Төтеншеліктер демалыс аумағында сақтық шараларын сақтап, өрт қауіпсіздігінің алдын алуға шақырады. Айта кетейік, облыста 12 орман шаруашылығы бар.

Асанғали Төлепбергенов – Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы

04/37 Орман алқабындағы өрттер сөндіруге өте күрделі болып табылады. Және де техникалық дайындықтың сапасын талап ететін апат.  00/30/19 Жыл сайын өрт қауіпі кезіңі бойынша  жоспар бекітіліп, жоспарда мүдделі мемлекеттік ормандар бекітіліп, жүйелі түрде жұмыстар атқарылып  келеді