Түркістандық әскери ардагерлерге құрмет көрсетілді. 10 жылдық мерейтойға арналған іс-шара барысында ардагерлерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Республикалық Қарулы күштер Бас штабы бастығының алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табыс етілді. Бүгінде облыста Қарулы Күштер ардагерінің 300-і тұрады. Жиында елдің басына қиын күн туғанда алдыңғы шепте жүрген ардагер аға буынның тәжірибесі үлкен рөл атқаратыны айтылды.
️