Аптап ыстық күтілуде

236
30.06.2021 22:24

«Қазгидрометтің» болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде 30 маусым мен 2 шілде аралығында күн күрт ысиды. Осылай мәлімдеген Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қажеттілік болмаса, далаға шықпауды ескертеді. Атап айтқанда, Түркістан қаласы мен облысында 40-42 градусқа дейін аптап ыстық болады. Оңтүстік пен оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метр болуы ықтимал. Ауа райындағы мұндай өзгеріс балаларға жағымсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан мамандар барынша сақтыққа шақырады.