“QazVac” вакцинасы экспортқа шығарылмақ

296
20.05.2021 11:26

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар 2 миллионға жуықтады. Бүгінде отандық QazVac вакцинасы сұранысқа ие. Екі компонентті екпенің тиімділігі клиникалық сынақтардан кейін 96%-ды көрсеткен. Осыдан кейін ел ара¬сында оған деген сенім күрт артқан. Мамандардың айтуынша, инактивтендірілген вакцина толығымен вирус бөлшектерінен жасалған және онда ақуыз¬дардың барлық спектрі сақталған. Сондықтан вирустың мутацияланған түрінде QazVac вакцинасынан кейін қалып¬тасқан антиденелер вирусты танып, оны залалсыздандырады. Осы себепті «QazVac» өзге елдердің қызығушылығын тудырды.

 

Марат Шоранов – ҚР денсаулық сақтау  вице-министрі:

Жалпы, зауытта “QazVac”-тан басқа вакциналар да өндірілетін болады. Оның қуаттылығы жылына 60 млн доза вакцинаны құрайды. Ал экспортқа келсек, көрші мемлекеттер, Еуропа мен Азияның өзге елдері отандық екпеге қызығушылық танытуда. Вакцинаны экспортқа шығару үшін оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу керек. Осы мәселелер шешілген соң “QazVac” міндетті түрде өзге елдерге жөнелтіледі.