Енді жасөспірімдер де екпе салдыра алады. Бұл туралы бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Мамандар әдетте балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда коронавирустың жеңіл түрімен ауыратынын айтады. Сол себепті ең алдымен егде жастағы, созылмалы ауруы бар адамдар мен медицина қызметкерлерін вакциналау қажет дейді. Алайда қазір індеттің мутацияналанған түрлері шығып жатыр. Соған байланысты олардың екпе алуына қатысты зерттеулер жүргізілген болатын. Нәтижесінде сарапшылар 12 жастан асқан балаларға «Файзер» және «Био н теХ» вакцинасын пайдалануға болатынын анықтады.
️