Күнгейде «Түркістан ғажайыптары» экспедициясы басталды. Жоба аясында өңірдегі тарихи ескерткіштер зерделеніп, кеңінен насихатталады. Облыста өткенге үңілтіп, тарих тұңғиығына жетелейтін 2566 жәдігер бар екен. Мамандар, жауһарларды әлі де зерттей түссе, тың деректер табатындарына сенімді. Бұл жоба арқылы өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін арттырып, өңірдің туристік әлеуетін көтеру де көзделген. Тарихи – танымдық шара 13 шілдеге дейін жалғасады. Экспедиция 13 аудан мен 3 қаланы қамтиды. Тарихшылар шараның алғашқы күні Сауран, Кентау қалаларындағы жәдігерлерді зерттеумен бастады.
️