Голливудтық «Лука» мультфильмі қазақ тілінде сөйледі. Disney студиясының бұл туындысы «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен дыбысталған. 10 жыл ішінде қор 37 шетелдік фильмді қазақша дубляждаған. Балаларға арналған мультхикаяны ана тілде сөйлету үшін 30-дан астам кәсіби актер мен бүлдіршін ат салысты. Туынды үш достың бастан кешкен шытырман оқиғасын баяндайды. Жарыққа шыққанына көп болмаса да, шетелде көпшіліктің ықыласына бөленіп үлгерген. Әсерлі көрініс пен қазақ тіліне өте сапалы дубляждалған мультфильмді бүгіннен бастап қаладағы барлық кинотеатрдан тамашалай алады.
️