80 пайызы вакцина салдырды

175
17.06.2021 21:55

Токио олимпиадасына баратын спортшылардың 80%-ы вакцина салдырды. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі мәлімдеді. Ерлан Қожағапановтың айтуынша, лицензия алған спортшылардың шекарадан өту мәселесі түбегейлі шешіліп қойған. Олардың көбі «Спутник V»-ді қабылдаса, шетелде дайындық жасап жатқан спортшыларымыз сол елдің екпесін салдырған. Сондай-ақ, ведомство өкілі мемлекеттік тапсырыс негізінде елімізде 82 мыңнан астам бала мен жасөспірім тегін секциялар мен үйірмелерге қатыса алатынын айтты. Ол үшін Artsport.edu.kz ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беру керек.