Қырғызстанда коронавирустың үшінші толқыны жүріп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жалалидин Рахматуллаев баспасөз мәслихатында мәлім етті. Қазір министрлік эпидемиологиялық жағдайды бақылауға алыпты. "Қызыл" аймақта жұмыс істеу үшін кадрлар резерві құрылған, сондай-ақ COVID-19 жұқтырған науқастарды орналастыру үшін қосымша төсек-орын дайындалыпты. Айта кетсем, қазір елде коронавирус инфекциясын жұқтарғандар саны 111 мыңнан асады. Пандемия басталғалы бері екі мыңға жуық адам қайтыс болған. Күн сайын 500-ге жуық COVID-19 індетін жұқтыру дерегі анықталуда.
️