Пандемия кезінде де Қазақстан мен Түркия арасындағы түрлі бағыттағы байланыс беки түсті. Қиын кезеңге қарамастан 2020 жылы бауырлас екі ел өзара тауар айналымы 3,1 млрд долларға жеткен. Бұдан бөлек әлеуметтік, медиа саласындағы байланыстар да нығайды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Анкарада Қазақстанның Түркиядағы елшісі брифинг өткізіп, шетелдік журналистерге еліміз туралы жан-жақты мағұлмат берді.
️