Қазақстандық полицейлер жаңа формаға ауысады

174
14.06.2021 03:22

Қазақстандық полицейлер жаңа формаға ауысады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев баспасөз мәслихатында айтты. Жыл соңында тәртіп сақшылары кроссовка түріндегі аяқ киім киетін болады. Ерекшелігі,  түнгі уақытта көзге шағылысатын элементтерге ие. Әрі,  халықпен тікелей жұмыс істейтін жаяу патрульдер үшін ыңғайлы болмақ. Жаңа үлгі қазірдің өзінде мақұлданған. Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда барлық полицейлер осы формаға ауысуы тиіс.

4. Түркістан облысындағы Бабайқорған ауылында ауыр жүк көліктері жолдардың тоз-тозын шығарған. Жергілікті халық асфальт жөнделгенімен жылға жетпей қайта шұрық-тесік болады деп мұңын шағып отыр. Полицейлер кәсіпорындарға тиісілі жүк көліктерін айыптұраққа қойып, айыппұл салғанымен, олар ескертуді елемейді дейді.

5. Алматыда бір тәулік ішінде 4 мың 540 адам екпе салдырған. Жалпы 1-ші ақпаннан бері 330 мыңға жуық қала тұрғыны препарат қабылдады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері ел халқын COVID-19-ға қарсы екпе алуға шақыруда. Олардың пікірінше, жаппай вакциналау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасқан да ғана пандемияны жеңеміз. Өнер иелері вакцинадан кейін өздерін жақсы сезінетіндерін айтты.  Еске салсақ, қала тұрғындары 208 егу пунктінің кез келгенінде екпе салдыра алады. Олар емханаларда, сауда орталықтарында, базарларда, мектептерде, мәдениет нысандарында орналасқан.

6. Пандемия кезінде де Қазақстан мен Түркия арасындағы түрлі бағыттағы байланыс беки түсті. Қиын кезеңге қарамастан 2020 жылы бауырлас екі ел өзара тауар айналымы 3,1 млрд долларға жеткен. Бұдан бөлек әлеуметтік, медиа саласындағы байланыстар да нығайды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Анкарада Қазақстанның Түркиядағы елшісі брифинг өткізіп, шетелдік журналистерге еліміз туралы жан-жақты мағұлмат берді.

7. Келес ауданының дихандары ағын суды үнемдеудің жаңа түрін ойлап тапты. Ұшқын ауылындағы «Ауыл шаруашылығы корпаративі»  11 гектар егін алқабын қолдан жасалған бассейннің көмегімен суарып отыр.

8. Түркістанда 126 ұсақ шаруа қожалықтары кооперацияға біріктірілді. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 363 млн. теңге қаржы жұмсалған. Жалпы мемлекет тарапынан кооперативтер  үшін арнайы субсидиялар қарастырылыпты. Мәселен техника құнының 50 пайызын төлеп береді. Одан бөлек, барлық салық бойынша 70 пайыз жеңілдік берілген.