Самокат тізгіндегендерге шектеу енгізілмек

249
14.06.2021 03:19

Енді  электросамакатпен жүруге шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Бұған өзі қозғалатын екі аяқты көлік құралының қатысуымен болатын түрлі жол апаттары басты себеп. Осыған байланысты министрлік бұл көліктерді велосипед пен жаяу жүргіншілерге арналған жолда жүруге де тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр екен. Ал самокатты тізгендегендер бұл өзгеріске қатысты пікірі қандай?