Алматыда азық-түлік қоймасы өртенді

177
05.08.2022 05:05

Алматыда түнгі уақытта азық-түлік қоймасы өртенді, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат тілшісі. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 21:42-де өрт сөндіру бөлімшелері Алмалы ауданы, Мұқанов көшесі, 133 мекенжайында ғимараттың түтіндеуі туралы шақыртуға шықты. «Сағат 21:45-те (3 минутта) алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте азық-түлігі бар қойманың түтіндеп жатқаны анықталды. Өрт сағат 23:05-те оқшауландырылып, 23:24-те толығымен жойылды. Жалын шарпыған аумақ 600 шаршы метрді құрады. Өрттің жақын маңдағы әкімшілік ғимаратқа таралуына жол берілген жоқ. Қазір оттың шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады қалалық ТЖД-дан.