Қазақстанның үздік тауары өңірлік көрмесі өтті

277
05.08.2022 03:54

Араға 2 жыл салып, Қазақстанның үздік тауарлары өңірлік байқауы өткізілді. Бұл көрме отандық кәсіпкерлердің нақты әлеуетін көруге мүмкіндік береді. Көрмеге келушілер түркістандық өндірушілердің өнімімен танысып қана қоймай, сатып алуына да мүмкіндік бар. Өңірлік жәрмеңкеде тауарлар қандай бағада саудаланды? Онда өнімнің қай түрлері қойылды? Толығырақ тілші материалында. 

Карантиндік шектеуден кейінгі үзілестен соң өткізілген көрмеге келушілер жетерлік. Қала тұрғындары мен қатар өзге аумақтан келушілер де бар. Солардың бірі  Ертіс Ихсанов. Ол киелі шаһарға Орал қаласынан келіпті. 

ЕРТІС ИХСАНОВ – ҚАЛА ҚОНАҒЫ - Бізге ұнап жатыр. Енді мына көрмелерді көрдік. Қол бұйымдарды көрдік. Енді бұл әркімнің дүниесі. Оылай жалғаса берсін. Туристер келе берсін шет елден. 

Жалпы өңірлік көрмеге 77 өндіруші қатысқан. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіп, қайта өңдеу мен құрылыс тауарлары де бар. Ұлттық нақыштағы киімдер мен су, сүт өнімдерін де кезіктіре аласыз. Таңдаулылар іріктелген көрмеге түркістандық кәсіпкер де өз өнімін ала келіпті. 

ДИЛЬНАЗ АЛИХАНОВА – КӘСІПКЕР - Көрмеге адамдардың барлығы қызығып сұрап жатыр. Қазірдің өзінде 7-8 мыңға сауда жасап қойдық. Осы арқылы біздің Түркістан қаласының тұрғындары көріп, танып қызығып, визиткамызды алып сұрап жатыр. 

Ал қала тұрғындары мұндай көрме өткізу өте тиімді екенін айтады. Осы арқылы  шет елден өзге, отандық тауарларға деген сұраныс артады. Тіпті олармен танысып, өнімдерін саудалауға мүмкіндік болады дейді. 

АҚТӨРЕ ЖАРЫЛҚАСЫН – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ - Осындай көрмелер керек. Отандық өнімдерді көп жерде біле бермейміз. Сол себепті осындай көрмелерде отандық өнімдерді көрсетіп, халыққа паш ету өзіміздің кәсібіміздің дамуына септігін тигізеді деп ойлаймын. 

ЗЕРЕ АБАЙҚЫЗЫ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ -  Қазақстанның неше түрлі өнімдері келіп жатыр, химикат болсын, су өнімдері, сүт өнімдері. Басқа қалалардан келіп жатқан адамдарды көріп жатырмын. Қолөнер бұйымдары да өте қатты ұнап жатыр. Қазақстанда осындай заттар өндіріледі, бар деген мен үшін мақтаныш. Сондықтан осындай көрмелердің Қазақстанның түкпір – түкпірінде болғанын қалаймын. 

Айта кетейік, өңірлік кәсіпкерлер көрмені көрсетумен ғана шектелмейді. Байқау ретінде ұйымдастырылып отырған жарыс жеңімпаздары да анықталады. Жалпы көрме-байқауына 100-ден астам бизнес субьектісі өтінім берген. Оның 80-ге жуығы жарысқа қатысуға жолдама алған.