Түркістанда "Жастар – Отанға" бағдарламасы бекітілді. Үздік сарапшылар мен саясаттанушылардың қатысуымен жүзеге асырылатын жоба бес бағытты қамтиды. Соның ішінде басым бағыттардың бірі – жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту. Осы мақсатта 6400 адамды еңбекпен қамту көзделіп отыр. Ал "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде "Алғашқы жұмыс орны" жобасы арқылы 1048 жас қызметке орналастырылады. Бүгінде облыста 505 мың жас бар. Ол - шамамен өңір халқының 30 пайызы. Қазір "Jas Otan" жастар қанатының 7 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін 17 филиал жұмыс істейді.
️