Пробациялық қызметте есепте тұрған адамдар енді тың технологияның көмегімен бақыланады. Биометрикалық терминал адам қолының ізі мен түрін бірден анықтап, оны компьютерге енгізеді. Бұрын бұл жұмысты қызметкерлер істейтін болса, енді ол осы құрылғы арқылы жасалады. Әзірге аппарат тек Алмалы ауданында орнатылған.
️