Биыл «Turkistan» телеарнасы республикалық деңгейдегі «Тұмар» телевизиялық байқауында «Үздік аймақтық телеарна» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев телеарнаға келіп, журналистермен кездесті. Сондай-ақ, арнаның ең үлкен жетістігі – «Тұмар 2022» сыйлығымен құттықтады.
Ал «Turkistan Media Holding» ЖШС бас директоры Жанахмет Ағыбаев телеарнаны дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен жаңа жобалармен таныстырды.
Айта кетейік, «Turkistan» телеарнасы цифрлық жүйе арқылы Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласына тарайды. Ал ID және BeeTV арқылы 17 өңірді толық қамтып отыр. TNS рейтингі бойынша түркістандық телеарна республикада үздік ондыққа енді. Қазіргі таңда тәулігіне 18 сағат хабар таратып, 30 төл жобасын жұртшылыққа ұсынуда. Ал биыл маусым айында жаңа 7 жобаның тұсауы кесілді.
Кездесуде телеарна журналистері ақпараттық саланы дамыту және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, облыс әкімімен еркін пікір алмасты.
️