Түркістан
EN

«Таза Қазақстан» жобасына 7 миллионнан астам азамат атсалысқан

16
12.10.2026

Елімізде Таза Қазақстан жобасы аясында елді мекендерге 7 млн-нан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млрд-тан астам тұқым пен көшет отырғызылды. Сондай-ақ, 9 мыңнан астам рұқсат етілмеген жерлердегі күресін жойылып, 3,8 млн тоннаға жуық қоқыс жиналды. Жыл өткен сайын ел Президенті бастамашы болған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық іс-шараларға қатысушылар саны да арта түсуде. Биылдың өзінде 7 млн-нан астам азамат тазалық жұмыстарына белсенді атсалысқан. Бүгінде мемлекет қалдықтар мәселесін жүйелі түрде шешуге көшті, оларды жинаудан бастап терең өңдеу және кәдеге жаратуға дейінгі жұмыстарды қолға алды. Мәселен, Алматы, Астана қалаларында және Жамбыл облысында қоқыс өңдеу кешендері де салынып жатыр.