Түркістан
EN

Алматыда адам өліміне қатысты 4 күдікті ұсталды

12
12.10.2026

Алматыда 61 жастағы ер адамның өліміне байланысты төрт күдікті ұсталды. Бұған дейін әлеуметтік желіде басына целофан қаптама кигізілген ер адамды көпқабатты үйдің кіреберісінен алып шыққан сәттің видеосы тараған болатын. Кадрларда күдіктілердің бірі мәйітті иығына салып, ғимараттан алып шыққаны көрінеді. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, қанды оқиғаға  марқұмның пәтерін заңсыз иемдену пиғылы негіз болуы мүмкін деген болжам жасалды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмысты жан-жақты тергеу үшін тәжірибелі қызметкерлерден арнайы топ құрылған.