Түркістан облысында 421 адам ешқандай құжатсыз, жеке кәсіпкер ретінде ешқайда тіркелмей кәсіппен айналысып келген. Ал, жалпы өңірде жүргізілген ауқымды тексеріс кезінде салық төлеуге байланысты мыңнан аса құқықбұзушылық анықталды. Сонымен қатар, сауда жасағанда тұтынушыға әдейі чек бермей жасырып қалу, бақылау-касса машинасын қолданбаған 479 жағдай тіркелді. Бүгінде салық төлемдері ғана емес, аймақтағы шекара мен кеден қауіпсіздігі де мемлекеттік кірістер департаментінің қатаң бақылауда. Мәселен, жыл басынан бері есірткі заттарын шекарадан алып өтпек болған 36 адам ұсталған.
СӘУЛЕ ШЫРЫНБЕКОВА - ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Сондай-ақ, мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 246 фактісі ан ықталып, ол бойынша 16 млн айыппұл төлем төленді және 9,7 тонна бензин, 25,7 тонна дизель отыны тәркіленді. Бұдан басқа 86,3 мың АҚШ доллары суммасына валюта әкетудің 5 фактісі анықталған болатын.