Бүгінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық азаймай тұр. Былтыр Түркістан қаласында мектеп жасындағы үш бала өзіне қол жұмсаған. Ал, жыл басынан бері тағы екі өлім жағдайы тіркелді. Мұның бәрі өз кезегінде балалар, әсіресе жасөспірімдердің тәртібін қадағалау мәселесінде олқылықтар барын көрсетеді. Айта кетейік, қаладағы 43 мектептің барлығына бейнебақылау орнатылған. Алайда, арнайы күзет пен дабыл қойылмаған.
️