Алматы облысындағы Шарын шатқалында болған табиғи апаттан зардап шеккен бір науқас үйіне шығарылды. Ол қазір дәрігерлердің бақылауымен амбулаториялық ем қабылдауда. Ал 11 жасар оқушы Алматы аймақтық клиникалық балалар ауруханасына ауыстырылды. Оқыс оқиға болған күні олар Ұйғыр аудандық ауруханасына жеткізілген болатын. Еске салайық, 29 мамыр күні Шарын шатқалында толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан сел жүріп он шақты адамды ағызып кеткен еді. Жоғалып кеткен оқушы қыз келесі күні табылды. Ол қаладағы балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің хабарлауынша, жағдайы орташа ауыр. Оқыс оқиға кезінде 2 адам көз жұмды.
️