Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 380 мың тонна дизел отыны бөлінген. Литрі 165 теңге. Бұл нарықтағы бағадан 14 процентке арзан. Тапшылық болмағасын шаруалар егіс науқанын уақытылы аяқтағалы отыр. Оған қоса диқандар жаңа техникаларға қол жеткізді. 17 млндай гектарға дән себілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1 жарым млнға артық. Биыл әлеуметтік маңызы бар өнімдерге басымдық берілген. Картоп, қарақұмық, қант қызылшасы, майлы және жемшөп дақылдарының алқабын кеңейту басты назарда. Ол үшін 400 мың тоннадай минералды тыңайтқыштар да үлестірілген.
️