Әлем чемпионы атанды

141
31.05.2021 11:43

Ташкенттен сүйінші хабар! Бүгін Өзбекстан астанасында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні Айсамал Сансызбаева сынға түсті. 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз оқ бойы оза шауып, алтыннан алқа тағынды. Алғашқы жаттығуда қазақстандық спортшы 113 келі көрсеткішті тіркеді. Ал серпе көтеру сайысында Айсамал Сансызбаева 145 келі зілтемірді басынан асырып, жаһандық жарыстың жеңімпазы атанды. Жалпы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншіледі.