Түркістан
EN

Тілші эксперименті: балгер апа неге дерт «тауып» берді?

14
13.10.2026

Бүгінде ауруына ем іздеп, отбасындағы мәселесін шешкісі келетін немесе болашағын білгісі келіп балгердің есігін қағатындар аз емес. Бірі олардың айтқанына шын сенсе, енді бірі бұл құбылысты адамның әлсіз тұсын пайдаланатын психологиялық бизнес деп санайды. Көріпкелге халық неге сенгіш келеді? Олардың ем-домына сеніп, медициналық көмектен бас тарту қаншалықты қауіпті? Бұл сұрақтардың жауабын тақырыпты зерттеп қайтқан тілшіміз Шынар Әділханқызы толықтырады.

Орталық базардағы картамен болашақты болжайтын танымал апаға бардым. «Жасым 30-дан асты,  тәуір жігіт жолықпай жүр. Қашан тұрмысқа шығамын?» деген аңызды алға тарттым.  Апам сөзінің басын бірден  визит картасын ұсынумен бастады. Ал сценарийі бұрыннан белгілі, айтылатын диагнозы да біртүрлі болды.  

АПА 

Уайымың көп болып тұр ғой. Сен ақкөңілдеу қызсың. Мына жерден бір шайың мен адыраспанды алып кел. Ешқандай не жоқ сенде бар уайымың неке. Жолыңды байлап қойған ғой. Ырым істеген ырым деген бар. екі аяғыңды тұсаулап байлап қойған.