Түркістан
EN

Ипотекасын төлей алмай жүрген қазақстандықтарға көмек мерзімі ұзартылды

15
13.10.2026

Ипотекасын өтеуге шамасы жетпей қиналған қазақстандықтар мемлекеттік қолдауға жүгіне алады. Әлеуметтік осал санаттағы қарыз алушыларға көмек көрсету мерзімі 2027 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұзартылды. Ол үшін азаматтар несие алған банкіне барып, табысы мен әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарды тапсыруы тиіс. Бағдарламаның ауқымы да кеңейтілді. Енді кепілдегі үйінен өзге баспанасы жоқ, төлем мерзімін 180 күннен кешіктірген және табысы күнкөріске жетпейтін тұрғындар да жеңілдікке іліге алады. Қаржы ұйымдарының мәліметінше, қазір мұндай жеңілдік шамамен бір жарым мың қарыз алушыға қажет. Ал банктер бұл қолдауды қарызын дер кезінде қайтарған өзге азаматтардың қаражаты есебінен жүзеге асырмақ.