Қазақстан заманауи технологиялар мен цифрлық бастамаларды ең жедел енгізіп жатқан озық мемлекеттердің қатарына енді. Сингапурда өткен халықаралық конференцияда әлемге танымал венчурлық инвестор Астананың даму қарқыны Дубай мен Сингапурдың жетістігін толық қайталай алады деген пікір білдірді. Шетелдік іскерлер мен халықаралық сарапшылар еліміздегі қолайлы инвестициялық ортаны, заманауи инфрақұрылымды және дарынды жастардың әлеуетін жоғары бағалап отыр.
Астананың Батыс елдеріндегі көптеген технологиялық қалалардан басты айырмашылығы мұнда кез келген ауқымды жобалар мен сапалы инфрақұрылым өте жылдам жүзеге асады. Сингапурда өткен «Network State 2026» жиынында сөз сөйлеген белгілі инвестор Баладжи Шринивасан еліміздің әлемдік IT-картасындағы орнына ерекше тоқталды.
БАЛАДЖИ ШРИНИВАСАН – КӘСІПКЕР
Астана қарқынды дамып келе жатқан қала. Ол келесі Дубай мен Сингапур. Астана Батыста қалыптасқан түсінікке қарамастан, сапалы инфрақұрылымды әлдеқайда жылдам салуға болатынын дәлелдеп отыр. Сан-Францискода стартаптарға арналған инкубатор ашуға болса, Қазақстанда тұтас бір қаланы стартаптар инкубаторына айналдыруға болады.